$ 494.87  520.65  4.91

Бекболат Тілеуханның інісінің үйлену тойы орыс тілінде өтті

Бекболат Тілеуханның інісі Мейрам Тілеухан жақында 25 жастағы ресейлік София Кляйнмен көңіл жарастырған.

Экс-депутат Бекболат Тілеуханның немере інісі Мейрам Тілеухан кеше түнде Алматыда екінші рет үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды Экспресс К.

Жақында ол ресейлік София Кляйнмен көңіл жарастырған. 25 жастағы Софияның әкесі неміс, шешесі қазақ. Тұрмысқа шыққан соң, Тілеухан тегін алған. Енді салтанатты түрде үйлену тойын жасады.

Бір қызығы, той толықтай орыс тілінде өткен. София Кляйннің әлеуметтік желідегі парақшасындағы видеолардан осыны аңғаруға болады. Асаба өзге ұлттың өкілі.

Мейрам — Бекболат Тілеуханның үлкен ағасы Рамазан Тілеуханның ұлы. Әкесі ұзақ жылдар құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Алматы қаласының прокуроры болған. Ол бұған дейін қоғам белсендісі Тоғжан Қожалымен 12 жыл отасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары