$ 494.87  520.65  4.91

Әнші Ғазизхан Шекербеков «Еркекпін мен» әнінің қалай жазылғанын айтты (ВИДЕО)

"Еркек" деген сөздің толық мағынасын түсінбей жатып айтып жібердім.

Отандық әнші Ғазизхан Шекербеков танымал хит әндерінің қалай жазылатынын айтты. "Түнгі студия" бағдарламасына қонаққа келген әнші "Еркекпін мен" әнінің шығу тарихын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шекербековтің айтуынша, алғашында "Еркекпін мен" деген хитіне қатысты ел арасында түсініспеушілік пайда болып, сөз де естиді. Алайда қазір "Еркекпін мен" әні әншінің төлқұжатына айналған.

"Туыла сала композитор болмадық. Ән жазып көріп, ол онша емес болып шығады. Достарыма көрсетемін, оларға да ұнамайды. Тағы бірнәрсе жазып көресің, тырысасың. Қазір түсіндім, ән жазу үшін керемет көңіл күйде болу керек екенсің. Барлығы орынды, көңіл күй жақсы болса, мен барлығын суреттей аламын. Лирикалық ән жазу, орындау менің жүрегіме жақын. "Еркек" деген сөздің толық мағынасын түсінбей жатып айтып жібердім. Сосын сөз естідім. Бірақ мен оған өкінбеймін. Ол ән менің төлқұжатыма айналды. Біреулер "еркек" келе жатыр деп әзілдейді. Кейде "Басқа әндерім де бар ғой" деп ренжимін. Ол ән эмоциямен шықты", - деді Ғазизхан Шекербеков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары