$ 445.66  474.58  4.78

«Ақша қай жерде – әртістер сол жерде» - Мәдина Сәдуақасова (ВИДЕО)

Бейнежазбаға зер салсақ, олар мұнайлы өңірде өтетін салтанатты шараға арнайы келген және әртістердің тек осындай қомақты ақша бар жерде ғана жүретінін ашық айтыпты.

Әнші Мәдина Сәдуақасова бүкіл шоу-бизнес жұлдыздарының шынайы бетпердесін шешті. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ол әртістердің тек ақша бар жерде ғана жүретінін ашық айтқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Аталған видеода Мәдина Сәдуақасова мен Маржан Арапбаеваның Атырауда жүргенін аңғаруға болады. Бейнежазбаға зер салсақ, олар мұнайлы өңірде өтетін салтанатты шараға арнайы келген және әртістердің тек осындай қомақты ақша бар жерде ғана жүретінін ашық айтыпты.

Достар, біз Атыраудамыз. Себебі бұл жақта мұнай жылы. Сондықтан ақша қай жерде — әртістер сол жерде. Әртістер сол жақта жүреді, — деп күлді Мәдина Сәдуақасова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары