$ 447.4  477.55  4.76

Бал айында жүрген Байзақова 100 мың теңгелік таңғы асымен мақтанды

Күйеуім бұл ақшаны желге шашу екенін айтты. Бірақ мен оған блогер болғандықтан таңғы астың маған керек екенін түсіндірдім.

Жақында ғана тұрмысқа шыққан Айжан Байзақова жұбайымен бірге Мальдив аралдарына демалысқа аттанды.

Бал айында жүрген ару күйеуінің 100 мың теңгеге алып берген таңғы асын желіде көрсетті, деп жазады Caravan.kz.

"Дәл осы таңғы асты көріп, күйеуіме "Біз де солай тамақтанайық" дедім. Ал гид "Мұндай таңғы ас 100 мың теңге тұрады" дейді. Күйеуім бұл ақшаны желге шашу екенін айтты. Бірақ мен оған блогер болғандықтан таңғы астың маған керек екенін түсіндірдім. Сосын, көз жасыммен қол жеткізген таңғы аспен дұрыстап та суретке түсе алмайтыным есіме түсіп кетті. Блогерлік өмір деген осы", - деп жазды Байзақова.

Блогердің айтуынша, ол осы таңғы ас үшін таңғы 8-де ұйқыдан ояныпты.

"Өзімнің пайдасыз таңғы асыма қол жеткізгеніме ризамын. Осы үшін таңғы 8-де ояндым. Ал күйеуім - ашулы, бассейн - суық. Жанымда тағы бір әйел жұбайына осындай таңғы асты қалайтынын айтып жатты. Әйелдер, біз кейде бір-бірімізге теріс әсерімізді тигізіп жатамыз", - деді Айжан Байзақова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары