$ 444.32  473.33  4.76

Жүрсін Ерман Ұлытау облысының тұңғыш Құрметті азаматы атанды

Ұлытау бөлек облыс болып, маған тұңғыш Құрметті азаматы атағын бергеніне өте қуаныштымын.

Танымал ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман Ұлытау облысының тұңғыш Құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ақын Олжас Отар Instagram-парақшасында жариялады.

"Баянауыл, Алматының құрметті азаматымын. Бірақ Ұлытау азаматы атағының орны бөлек. Өйткені Ұлытау бөлек облыс болып, маған тұңғыш Құрметті азаматы атағын бергеніне өте қуаныштымын. Өзіміз Алматыда тұрсақ та, үнемі Ұлытауға мойын бұрып тұрамыз, көмектескіміз келіп тұрады. Мың да бір рақмет, Ұлытау халқы", - дейді ақын видеода. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары