$ 447.4  477.55  4.76

«Ағаның орысшасы братан ғой, дым көрмегендер!»: Гүлмира Ізбасханова өзін сынағандарға жауап берді

Сөздің түп төркінін дұрыс түсінбей, ниеттері басқа жаққа кеткен жандарға аман болыңыздар деймін, дейді ол.

Әнші Гүлмира Ізбасханованың "Алтынбек Қоразбаев бостан", - деген сөзі көпшіліктің құлағына түрпідей тиген. Жас әнші желідегі оқырмандарының қызу талқысын оқып, жауап берді.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Ассалаумағалейкум!  У шулап болдыңыздарма? 
Ағаның орысшасы братан ғой. Мендегі ниет ағамды крутой жас көрсеткім келді.
"Әзілің жарасса атаңмен ойна",- деген қазақта сөз бар ғой.Кез келген проблема шықса бәрін тындырып беретін сол братандар ғой от души. Басқаша жеткізіп жүрген ниеттері басқа жаққа кеткен жандарға, аман болыңыздар бәрі бір жақсы көремін сіздерді. Жақсы мен жаман қатар жүреді. Бірақ жақсы жаққа кетейік ағайын. Алтынбек Қоразбаев аға мен үшін (братан), - деп жазба қалдырды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары