05.12.2022, 11:20

«Менікі показуха»: Ерке Есмахан өзі жайлы шындығын айтты

Фото: ашық дереккөз
Әнші оқырмандарымен сауалнама жүргізді.

Әнші Ерке Есмахан көпішілікке сүйіктісі жайлы айтты. Әлеуметтік желідегі парақшасында әдеттегідей оқырмандарымен сауалнама жүргізді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

"Қалай бәріне үлгеріп жүресіз?" деген сұраққа:

"Қатты үлгере қоймаймын. Показуха менікі. Мен ұйқыдан тұрамын дегенше, Алматыда кептеліс басталып кетеді. 1-2 салон, шоппинг деген шаруаны бітіремін. 24/7 телефондамын. Өйткені жігіт басқа қалада. Қатты үлгере қоймаймын. Шәй, тамақ деп қиналып жұмыс істеп жатқан мен жоқ, - деп жауап берді әнші. 

Сонымен қатар, әнші өзінің барлық шаруасын сіңілісіның атқаратынын жасырмады.