$ 448.89  477.93  4.76

«Еуразия» халықаралық кинофестивалінің бағдарламасы жарияланды

Жеңімпаздар үздік фильм, үздік режиссерлік жұмыс, үздік ер адам рөлі, үздік әйел адам рөлі, қазылар алқасының арнайы жүлдесі номинациялар бойынша анықталатын болады.

XVI "Еуразия" кинофестивалінің халықаралық байқауы дәстүрлі түрде Еуразия континентінің әртүрлі елдерінен келген жетекші режиссерлердің кең ауқымды картиналарын ұсынады.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, XVI «Еуразия» кинофестивалінде барлығы 30 фильм көрсетіледі.

Биылғы фестивальдің ерекшелігі - әртүрлі бағдарламаларда ұсынылып отырған қазақстандық кинематографияға назарды аударту, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алғаш рет "Еуразия" аясында халықаралық номинациялар бойынша толықметражды көркем картиналардың Ұлттық конкурсы өткізілетін болады. Талғампаз көрермен мұнда көптеген қызықты және мағыналы жұмыстарды табады, ал олардың кейбіреулері беделді халықаралық кинофестивальдердің жүлделерімен марапатталған.

Толықметражды көркем фильмдердің ұлттық байқауы:

"Схема", режиссер Фархат Шәріпов.

"Ақын", режиссер Дәрежан Өмірбаев.

"Қызыл анар", режиссер Шарипа Уразбаева.

"Паралимпиадашы", режиссер Алдияр Байракимов.

"Дос-Мұқасан", режиссер Айдын Сахаман.

"Мұқағали", режиссер Болат Қалымбетов.

"От", режиссер Айжан Қасымбек.

"Отау", режиссер Әлішер Жәдігеров.

"Мама, мен тірімін!", режиссерлер Азиз Заиров, Мухамед Мамырбеков.

"Тау жуасы", режиссер Эльдар Шибанов.

"Жаздың соңы жақында", режиссер Яна Скопина.

"Өмір", режиссер Эмир Байғазин.

"Ауыл", режиссер Серик Апрымов.

"Зере", режиссер Дәурен Қамшыбаев.

"Күнбағыс", режиссер Эля Гильман.

Толықметражды көркем фильмдердің халықаралық байқауы: 

"Лили мен теңіз" (Франция – Исландия – Бельгия), режиссер Динара Друкарова.

"Иль Боемо" (Чехия – Италия – Словакия), режиссер Петр Вацлав.

"Керр" (Турция – Грекия – Франция), режиссер Тайфун Пирселимоглу.

"Памфир" (Украина – Франция – Польша – Германия – Чили, режиссер Дмитрий Сухолиткий-Собчук).

"4-ші Брайтон" (Грузия – Ресей – Болгария – Монако – АҚШ), режиссер Леван Кугуашвили.

"Ивансыз мені жерлемеңдер" (Ресей), режиссер Любовь Борисова.

"Таңғажайып Елена" (Грузия – Туркия – Франция), режиссер Георгий Овашвили.

"Мәрмәр секілді суық" (Әзірбайджан – Франция), режиссер Асиф Рустамов.

"Құдайдың шақыруы" (Эстония – Латвия – Кырғызстан), режиссер Ким Ки Дук.

"Қабырғаның артында" (Иран), режиссер Вахид Джалилванд.

"Есімде" (Қырғызстан – Жапония – Нидерланды – Франция), режиссер Актан Арым Курбат.

"Әйел" (Қытай), режиссер Ван Чао.

"Ағайындылар" (Қазақстан), режиссер Дархан Төлегенов.

"Боран" (Қазақстан), режиссер Сәбит Құрманбеков.

"Ешқайда апармайтын жол" (Өзбекстан), режиссер Камара Камалова

Жеңімпаздар үздік фильм, үздік режиссерлік жұмыс, үздік ер адам рөлі, үздік әйел адам рөлі, қазылар алқасының арнайы жүлдесі номинациялар бойынша анықталатын болады.

Аталмыш  кинофестивал 12-18 желтоқсаны аралығында Алматы қаласында өтеді. 

XVI "Еуразия" кинофестивалінің халықаралық байқауы еліміздегі ең ірі және ең беделді кинофорум болып саналады. Сонымен қатар Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы (FIAPF) аккредитациясынан өткен жалғыз қазақстандық кинофестиваль болып есептеледі. 

Фестивальдің ресми ашылу және жабылу салтанаты Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. 

Фильм көрсетілімдерін Kinopark 16 кинотеатрынан (Forum Mall) тамашалауға болады. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары