Қайрат Нұртастың әке-шешесі әлеуметтік желіде тағы да халықтың ашуын тудырды. Бұл жолы Гүлзира Айдарбекова отағасы Нұртаспен бірге аймақтарда өзінің жеке ән кешін өткізетінін айтып, дүйім жұртты концертке шақырған, деп хабарлайды Экспресс К.
Атышулы продюсердің айтуынша, әнсапардың кестесі мен сахналық көйлектері тас-түйін дайын. Жуырда Нұртас пен Гүлзираның жеке концерті Қызылорда өңірінен басталады екен.
Ал енді, Сыр елі, "Нури-Гули" бізді күтіңіздер. Концерттің супер болатынына күмән болмасын. Жылтыр көйлектерімді әзірлеп, өзім де барғалы жатырмын, — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Қайрат Нұртастың анасынан мұндай хабарландыруды естіген жұрт аң-таң. Олар гастролдік сапарға шыққалы отырған Гүлзираға ән салмауын өтініп, әлеуметтік желі арқылы концертіне қарсылық білдіріп жатыр.
"Ұялмаған әнші болады деген осы", "Сұмырайлардың қарны ашқан ба? Кімге керек бұлар? Кім шақырды екен?", "Осы қатын ұқсап қазақтың кез келген қатыны айтады", "Түк дауыстары жоқ", "Ақша жинап қайта ғой", — деп жазды оқырмандары.
Дәл осындай жағымсыз пікірлер Айдарбекованың ашуына тисе керек, ол өзіне бағытталған сыни жазбаларды жауапсыз қалдырмай, халыққа ұрсып тастады.
Әр адам өз ойынан хабар береді. Ақшасыз қалған күніміз жоқ. Сен бықытып отыр екен деп, шектеу қоя салмаймыз. 10 адам бола ма, 200 адам ба, келетін адам келеді. Өзің шымшып, өсектегенде мылқауды сөйлетесің. Іштарлық миыңды құрт болып кеміріп жатыр-ау, — деп жауап жазды Қайрат Нұртастың анасы.