$ 494.87  520.65  4.91

«Сақ дәуіріне жатады»: Екі мың жыл бұрын жасалған қазан табылды (ФОТО)

Оларды ет пісіруге, діни рәсімдерге және құрбандық шалуға пайдаланған деген пікірлер де бар.
Фото: madaniymeros.uz
Фото: madaniymeros.uz

Самарқан мемлекеттік мұражай-қорығының қызметкерлері бірегей олжа – екі мың жылдық тарихы бар қола қазан тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәдігер мұражай қорын байыту мақсатында Самарқан облысына жасалған экспедиция кезінде табылған.

Ғалымдардың айтуынша, биіктігі 37 см, диаметрі 52 см болатын қола ыдыс сақ тайпаларына тиесілі және біздің дәуірімізге дейінгі II-I ғасырларға жатады.

Тұрмыстық затты 1993 жылы Самарқан қаласының Пайарық ауданының тұрғыны Анвар Шогдоров арық қазып жатқан жерінен тауып алған. Затты тауып алған тұрғын оның бірегей жәдігер екенін білмеген және оны қоспа жемді дайындау үшін пайдаланған.

Мәдени мұра агенттігінің хабарлауынша, сақ дәуіріне жататын қола қазандар Қошрабат өңіріндегі Қарақшы тауының баурайында және Пайарық өңіріндегі Көктепа археологиялық ескерткіші аумағынан да табылған. Ежелгі уақытта олар сұйық өнімдер үшін де, масайтатын сусындар дайындау үшін де қолданылған. Оларды ет пісіруге, діни рәсімдерге және құрбандық шалуға пайдаланған деген пікірлер де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары