Ақбота Керімбекова "Менің өмірім" бағдарламасына сұхбат беріп, келінімен арақатынасы туралы айтты. Әншінің айтуынша, ол баласы мен келінінен бөлек тұрады, деп жазады nur.kz.
"Ене мен келін - өте ауыр тақырыптардың бірі. Негізі оны қозғамаған дұрыс. Әркімнің санасына берсін. Бөлек тұрғаннан кейін... Барып, халдарын сұрап тұрамын деген сияқты... Тоқетерін айтсам, аса бір сезінген жоқпын. Бөлек тұрсам да, жиі барып тұрамын. Немерем бар, үштен асты. Апа деп айтады. Бірақ үлкен ұлым да, келін де, немере де - менің анамдікі. Анам бауырына басты. Ал өзімнің жекеменшік ұлым бар. Сол үйленген кезде апа рөлін атқаратын шығармын. Әзірге, дайын емеспін. Осы күнге жеткізген Аллаға шүкір", - деді әнші.
Айта кетелік, Ақбота Керімбекова сұхбат барысында Шымкенттегі қызметінен неліктен бас тартқанын да айтты. Танымал өнер жұлдызы мемлекттік қызметтің өзіне қол еместігін мәлімдеген.