$ 481.84  531.33  5.07

«Бетсіз мақұлық екенсің»: Жанар Айжанова өзі туралы өтірік ақпарат таратқандарға шүйлікті

Көпшілік мақаланы жазған адамды жазалау керектігін айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әнші, актриса Жанар Айжанова әлеуметтік желіде тараған Асқар Наймантаевпен бірге түскен сурет туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Жанар Айжанова көпшілік арасында өтірік ақпарат жазып, таратқандарды сынға алды.

“Адамдардан ұят кеткен бе? Өздеріне адам тіркеу үшін бәріне дайын. Мынау не сөз? Не шулатып, жұртты ақымақ қылып отырсыңдар? Автор сен қасиеті қашқан, өтіріқші, бетсіз мақұлық екенсің”, – деп жазды актриса. 

Ол бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, бейнекадрдың сериал түсірілімі кезінде жасалғанын мәлімдеді.

Әншінің желідегі оқырмандары мақаланы жазған адамды жазалау керектігін айтты.

“Сотқа беріңіз, екінші мәрте қайталамайды”, Кім жазған болса сотқа беріп, көзіне көк шыбын үймелетіңіз”, “Сотқа беріңіз”, Сұмдық”, “Ел не демейді...”, “Түсірілім екені көрініп тұр ғой”, “Көңіл бөлмеңіз”, – деп жазды желі қолданушлары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары