Актриса, белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова "Киноңыз өмірден алынған ба?" деген оқырман сауалына жауап берді.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Өмірдің өзі кинодан кем болмай тұр ғой. Өмірде айта алмаған сезімдерімді дәл осы кинодан да көріп қаларсыздар", - деді ол.
Айта өтейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда үлкен экрандарға "Ажырасамын" атты фильмі шығатынын, бұл алғашқы продюсерлік еткен туындысы екенін мәлімдеген.