$ 443.44  480.51  4.88

«Өсек айтыппын»: Айнұр Тұрсынбаева жолын ашқысы келетіндерге кеңес берді

Елдің бәріне ренжіппін, өкпелеппін, өсек айтыппын, ешкімге сенбеппін.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жолын ашқысы келетін адамдарға не істеу керегін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жолым болмайды, жолым ауыр, жолымды қалай ашамын” деген хаттар көп келеді. Бір кездері мен де "Неге мен сәтсіздікке ұшырай беремін, мен жақсы адаммын ғой. Олай болса неге жолым болмайды, неге көп қателесемін?" деп қиналатын едім. Сөйтсем өз жолымды өзім жауып тастаппын. Елдің бәріне ренжіппін, өкпелеппін, өсек айтыппын, ешкімге сенбеппін. Өзім қателік жасап алып "Е, Алла не жаздым саған" деп орынсыз жылаппын”, – деп басынан өткен жәйттармен бөлісті Айнұр.

Ол күйзеліске түспей, өзінің жолын ашқысы келетіндерге не істеу керегін айтып, кеңес берді.

“Жолыңызды ашқыңыз келе ме? Миыңызды, үйіңізді жақсылап тазалаңыз! Садақа беріңіз! Адамдардың сыртынан тек мақтау айтып үйреніңіз!Мешітке барып Алламен сырласыңыз! Науқастардың көңілін сұраңыз! Ешкімнен ештеңені қызғанбаңыз! Балалармен ойнаңыз! Балалардан таза энергия алуға болады. Тәртіппен ұйықтап үйреніңіз! Күніне тым болмаса жарты сағат миыңызға тыныштық беріңіз! Өзгермейтін нәрсе жоқ! Жақсылық көрсеңіз өзіңізден, жамандық көрсеңіз өзіңізден”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да Айнұр Тұрсынбаеваның бұл сөздерімен келісетінін айтып, қолдау білдірді.

“Сізбен толықтай келісемін”, “Дұрыс айтасыз”, “Бұл сөздерге осы уақытқа дейін мән бермеппін”, “Тура айттыңыз”, “Бұл сөздер менің өмірлік ұстанымым”, “Ең қажет кеңес”, “Өте орынды айтылған”, – деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары