$ 486.44  534.31  5.06

«Алжыған ба?»: Әншілікке бет бұрған Тұрсынбек Қабатовтың ащы дауысы елді шошытты

Негізі менің дауысым бар. Маған Мейрамбек Бесбаев сенбей жүр.

Алғашқыда дүйім жұртқа КВН арқылы танылып, кейін "Әзіл әлемі" театрын құрған Тұрсынбек Қабатов енді әншілік қабілетін көпшілікке көрсетуді қалайды, деп хабарлайды Экспресс К. 

Танымал әзілкеш өзінің бұл жоспары туралы "Хабар" арнасындағы "Cover Show" бағдарламасында айтты. Аталмыш жобаны өзі тізгіндейтін Тұрсынбек сол шоуға қатысқан Nazima-мен қосыла ән шырқау үшін ұсыныс тастайды.

"Дуэт болып өлең айтсақ қалай болады? Негізі менің дауысым бар. Маған Мейрамбек Бесбаев сенбей жүр. Осы бағдарламаға қатысайыншы деп айтып келе жатырмын", — деді Тұрсынбек Қабатов.

Сол сәтте Тұрсынбек пен Nazima әнші Ерлан Көкеевті репертуарындағы "Танец под дождем" әнін орындайды. Алайда, Қабатовтың ащы дауысын естіген тыңдармандар сол сәтте оның вокалдық қабілеті жоқ екенін жазып, бұдан былай ән айтпауын өтініпті.

"Тұрсынбек, қоя қойшы сен", "Тұрсынбек соңғы кезде алжыған ба?", "Тұрсынбек барлығын бұзды", "МС Сайлаубекпен дуэт айтсаңшы", — деп сынады тыңдармандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары