Әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның өнердегі інісі Шерхан Пірназармен сүйіскен сәті әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсті, деп хабарлайды Экспресс K.
Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімованың "Ажырасам" деген фильм түсіргені мәлім. Осы киноға екі актер де түскен. Фильмде Иманбаева мен Пірназардың сүйісетін сәті бар. Мұны желіге әншінің өзі жүктепті. Бұған желідегі оқырмандары тарапынан көп сын айтылды.
"Жастарға не тәрбие, не үйретіп жатырсыздар?", "Бетін сүйсе де, ернін сүйсе де біздің қоғамға ерсі көрінеді", "Мынауыңыз тым ерсі", "Жастармен сүйіскенің дұрыс екен", "Не деген азғындық", "Баламен сүйіскені несі?", — деген сарындағы пікірлер өте көп.