$ 444.22  476.38  4.82

«Әбден жыладым». Гүлзира Айдарбекова әншілікке қалай келгенін айтты

Ол мүлдем ән айтамын деп ойламаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Хитмен Қайрат Нұртастың анасы ең алғаш сахнаға шыққан сәтін есіне алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, ол мүлдем ән айтамын деп ойламаған.

“Бұрын “мен әнші емеспін, бір үйге бір әнші жетеді” деуші едім. Сөйтсем Алланың дегені болады екен. Ұлымның ән кешіне орай “Мақтанамын” деген ән жастарға өнеге болсын деген ұсыныспен жазылды. Қайрат екеуіміз орындадық. Сахнада әнді аяқ-қолым дірілдеп, әннің сөздері жүрегімді шымырлатып, өзімді ұстай алмай, кеудемді өксікке толтыра әрең айтып шықтым. Кейін сахнаның сыртында әбден жыладым”, – дейді Гүлзира Айдарбекова. 

Продюсердің айтуынша, әннің сөздері өмірдегі бар қиындық пен уайымын, орындалған армандарын есіне түсірген.

“Мақтаншақ” деген айыптауларға осылайша нүкте қойдық. Кейін Жанатбектің келіншегі Айнұр “Махаббат әлемі” атты концертте тек ерлі-зайыптылар ғана айтуы керек, сіздер лайықтысыздар” деп қоймай қоңырау шалып, көндірді. Келіспеске қоймады. Сөйтіп “Зуби-зуби” әнін “Нури-Гули” деп қазақшалап, сөз жаздырып, айттық. Содан тойларға сұраныс түсе бастады. Ағайындар “қызымызды ұзат” деп өтініш айтты. Артынша шақыртулар көбейді. Сұраныс болмаса қоя салар ма едім?! Елдің көңілін қалдырмай, жолдасымыз екеуіміз шапқылап жүрміз”, – дейді әншілікке бет бұрған продюсер.

Оқырмандардың бірі тойға шақыруға ниетті екенін айтып, Гүлзира Айдарбековадан гонорарын сұрады.

“Біз елдің жағдайымен жүретін қарапайым жандармыз”, – деп жауап берді продюсер. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары