$ 487.37  532.94  5.09

Орамал тағып, дінге бет бұрған жұлдыздар кімдер?

Ол бұл қадамға күйеуінің қалауымен келгенін айтқан.

Биылғы жылды қорытындылап, өнер иелерінің өмірінде орын алған жаңалықтарға үңіліп көрген едік. Дінге бет бұрып, орамалға келген жұлдыздар аз болмапты. 

Caravan.kz медиа-порталы биыл хиджаб киіп, орамал таққандардың тізімін жасап көрді. 

Жақында дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева Instagram желісіндегі парақшасында орамалға келгенін айтқан.

"Ақ жаулықты анамыз ақ жүрегімен, ақ тілегімен сыйлығын берді. Осындай аналардың жолын жалғайын деп басыма орамал тақтым. Саналы түрде, жүрек қалауыммен осы шешімге келдім. 5 уақытымды түгендеп, анама жақсылық жасап, туыстарыма қарасып, елге әнімді, тағылымды термемді арнап жүрсем болғаны. Басқа арманым жоқ. Мені орамалмен көру қажы анамның тілегі еді әу бастан. Аллам разы болса, анам риза болса болды…" - деп жазған әнші.

Белгілі актриса Жанель Мақажан да орамал таға бастапты. Ол бұл қадамға күйеуінің қалауымен келгенін айтқан. Актриса мұндай шешім  қабылдағаннан кейін парақшадағы ескі суреттерін өшірді.

"Сапарымыз Медина қаласынан басталған еді. Сол кезде күнделікті Раббымнан орамалға махаббатыммен келуімді жалбарынып тіледім. Ой үстінде жүрген едім. 5 күннен кейін Меккеге жол тарттық. Бұл жерде шүбәсіз Раббымның ғана қалауымен келгенімді терең түсініп, мені үлкен өзгерістерге алып келді. Қағбаның жанында сұрағанымды көп ұзатпай беріп отырғаны мені қатты ойландырды. Әбекемнің үлкен армандарының бірі, менің орамал тағуым еді. Баршамыздың дұғамыз қабыл болды", — деп жазған актриса. 

Актер, әнші Дидар Каденнің бұрыңғы келіншегі, көпшілікке "Аека пош" лақаб есімімен таныс блогер Айым Алтынбекова желідегі парақшасын енді хиджабтағы түрлі образдарын көрсетіп жүргізуде. Бұрын ол қысқа белдемше, тіпті, ұйқыға киетін киімімен де түрлі видеолар жариялап жүрген. 

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлінің хиджаб киюі ел арасында біраз талқыға түсті. Бірі қолдаса, бірі хиджаб кигенімен, бөксесін қимылдатып күйеуімен билеп жүргені үшін "орамалды қорлауға болмайтынын" айтып сынаған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары