$ 441.58  480  4.86

«Дауысы да өзі де бітіпті»: Корпоративте ән салған Мәдина Сәдуақасова сынға қалды

Әнші бұрынғы әндерін қайталап айтып жүр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жаңа жыл қарсаңында корпоратив кештер көптеп өтіп жатыр. Еліміздің эстрада жұлдыздарына табыс табуға бұл да бір мүмкіндік, деп хабарлайды Экспресс К.  

Соңғы екі жыл көлемінде карантинге байланысты мұндай басқосулар азайып кеткен еді. Сондықтан осы жылы корпоративтер кештердің қатары көбейген. Сондай кештің біріне барып ән салған Мәдина Сәдәуақасова желі қолданушыларына ұнамай қалды. Өйткені ол бұрынғы әндерін қайталап айтып жүр.

Ол осыдан 15 жылдай бұрын хит болған "Махаббат жалыны" әнін орындаған.

"Ескі әндерімен ақша табуды қоя керек", "Ойбай, дауыстан дым қалмаған", "Мынаның дауысы да, өзі де біткен екен", "Фонограмманың арқасында жүрген әншілер ғой", "Дауысы мүлдем жоқ", "Дауысы қайда?, буылтық болып шығып жатыр", -деген сарындағы пікірлер жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары