$ 483.23  534.74  5.12

«Сүйкімсіз әйел!»: Мейрамбектің жұбайы елден сөз естіді

Кішкене тиын тапқысы келген шығар.

Соңғы кездері Мейрамбек Бесбаевтың өзінен гөрі әйелі жұрт назарына жиі ілігіп жүр. Өткенде жас жігітпен сауық-кеште көзге түскен Мархабаттың енді желідегі биі жұртқа жақпай қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Мархабат Бесбаева әлеуметтік желіге әлдеқашан тіркелгенімен, күні кешеге дейін оның аккаунты жабық тұратын. Желіде 14 мыңнан астам оқырманы бар әйел өзін дизайнер деп таныстырып, таяуда жеке парақшасын ашық ұстауды жөн көріпті.

Мейрамбектің жұбайы Instagram-да отбасылық суреттерімен қатар, құрбыларымен қыдырған сәттегі бейнежазбаларын жиі жүктейді екен.

Ал Мархабат бастаған бір топ әйелдің секеңдеп билеген видеосы бірден түрлі парақшаға тарап кеткен. Бесбаевтың келіншегінен мұндай қылықты күтпеген көпшілік ғаламторда неше түрлі пікір жазып жатыр.

"Фу, сүйкімсіз әйел", "Маған әйелінің түрі суық болып көрінеді", "Кішкене тиын тапқысы келген шығар"
— деп жазды желідегі жұрт.

Айта кетейік, биыл Мейрамбек пен Мархаббаттың отау құрғанына 18 жыл толды. Олар 2004 жылы 8 шілде күні заңды некесін қидырып, отбасын құрған еді. Бүгінде ерлі-зайыптылардың қызы Кәусар мен ұлы Әбухайыр өсіп келеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары