$ 443.44  480.51  4.88

Айдарбекова «халықтың арқасында шалқып жүрсің» дегендерді орнына қойды

Әлеуметтік желіге шет елдегі демалысынан фото мен видеолар салған продюсер Гүлзира Айдарбекова сынның астына қалды.

Әлеуметтік желіге шет елдегі демалысынан фото мен видеолар салған продюсер Гүлзира Айдарбекова сынның астына қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасына Дубайда жүрген демалысынан видео жүктеп, "яхтада жақсы демалыс болды, бақытты өмір сүруді баршаңызға жазсын" деген тілек жазды.

Оның желідегі оқырмандарының біразы осы әрекетті қолдап жатса, енді бірі "халықтың арқасында шалқып жүргендеріңді ұмытпаңдар" деп сынады. Мұндай пікірге продюсердің өзі де жауап берді.

Сен халықтың арқасында өсіп-өнсең, аяғыңды ешкім кісендеп қойған жоқ қой, өс-өн. Біз де сол халықтың біріміз. Адам емес, түйе көріп тұрмаған шығарсың,
— деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары