$ 494.87  520.65  4.91

Айтыскер Сара Тоқтамысова үшінші сәбиін дүниеге әкелді

Қызымыздың есімін әкесі үлкен ұстаздармен ақылдасып отырып таңдады.
Фото: instagram.com/sarkanai
Фото: instagram.com/sarkanai

Сара Тоқтамысова қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Айналама жап-жарық нұр берген, менің де бақшама гүл берген Алла ұлық! Есілқызы Сүйкімді үйіне келе жатыр. Сөзі сүйкімді, ісі сүйкімді болсын деп ырымдап қойдық. Қызымыздың есімін әкесі үлкен ұстаздармен ақылдасып отырып таңдады”, – деп жазды ақын.

Айтыскердің өнердегі әріптестері мен оқырмандары оны қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.

“Құтты блсын! Жер бетіндегі ең бақытты қыз болсын!”, “Енді Сара мен Есілдің үйі бұрынғыдан да жап-жарық болады”, “Бауы берік болсын”, “Саражан, гүлің құтты болсын! Жапырақтарың жайқалып, өсіп-өне беріңдер!”, “Бауы берік болсын! Бақытың еселене берсін”, – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары