$ 483.23  534.74  5.12

«Менен төмен...»: Алтынай Жорабаева екінші күйеуінің туыстары туралы айтты (ВИДЕО)

Күні кеше танымал әнші қарашаңыраққа барып, енесінің алдында келіндік міндетін атқарып қайтыпты.

Әнші Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шыққалы жұртқа тек жолдасын ғана көрсететін. Енді қазіргі күйеуінің туыстарын көпке таныстырып, енесі туралы ашық айта бастаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Жорабаеваның қазіргі жолдасы Әлішер Есенғазин — Қостанай облысының тумасы. Күні кеше танымал әнші қарашаңыраққа барып, енесінің алдында келіндік міндетін атқарып қайтыпты.

Алғаш некелескен актер Сәбит Әбдіхалықпен дәм-тұзы жараспай, ажырасып кеткен Алтынай қазір бақытты екенін айтады. Ол әлеуметтік желіде қайын інілері мен сіңлілерін және абысындарын түгелдей оқырмандарына таныстырып, отбасылық фото жүктепті.

Міне, Алланың қалауымен осындай отбасымыз. Әлішер — үйдің үлкені. Өзінен кейін үш інісі, бір қарындасы бар. Служу қайын жұрту, — деп жазды Жорабаева.

Алтынайдың айтуынша, Қостанай өңірі салт-дәстүр, ырым-тиымға көп мән бермейтін көрінеді. Мәселен, әншінің өзі өскен Оңтүстікте ене дастархан басында төрде отырса, ал қазіргі күйеуінің анасы, яғни енесі керісінше келінін жоғары шығарып, құрмет көрсетеді екен.

Сенесіздер ме, енемнің анасының үйіндеміз. Бір қызығы, мен мына жерде отырмын, енем менен төмен отыр. Бұл жақта ештеңе етпейді дейді. Мен енемнен жоғары отырмын. Жаным, — деп Жорабаева енесінің бетінен сүйді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары