Қайрат Нұртастың әр қадамы әлеуметтік желідегі жұрттың жіті назарында. Бұл жолы танымал әнші бейтаныс арумен көзге түсті, деп хабарлайды Экспресс К.
Ғаламторда қызу талқыланған видеода Қайрат пен жас қыз сауық-кеште көңіл көтеріп, ортада билеп жүргенін аңғаруға болады. Екеуі де көңілді, бір-біріне жымың қағады. Клубта хит әншінің қасындағы ару Шахризада есімді блогер екен. Ол бұл бейнежазбаны өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жүктеген.
Әлгі бейнероликті көрген көпшілік Қайрат пен жас қыздың жарасымды жұп екенін айтып, жылы лебіздерін қалдырған.
"Жұптың иіс шыға ма, қайтеді?", "Екеуің де әдемісіңдер", "Өсек осылай тарайды",
— деп жазды желідегі жұрт.