$ 481.84  531.33  5.07

Ағыл-тегіл жылаған видеосын жариялаған Индира Расылханды жұрт сынап тастады

Дұға қабыл болу үшін видео қосып қойып жыламай, сәждеде жатып жылау керек.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Өнерді тастап соңғы кездері дін мен психологияға бет бұрған Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасына жылап отырған бейнежазбасын жүктеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Жер бетіндегі ең алғашқы мешітке баруға ынтықтығым соншалықты, күнделікті дұғамда Алладан тілеуден шаршамаймын. Я, Аллаһым, мені Өзіңнің шақырған құлдарыңның қатарынан ете көрші”, – деп жазды Индира Расылхан.

Оның бұл әрекеті көпшілікті ашуына тиді.

“Телефонды қосып қойып, халықтың алдына шығып осылай жылау не нәрсе?”, “Өтірік жыламашы”, “Дұға қабыл болу үшін видео қосып қойып жыламай, сәждеде жатып жылау керек”, “Адамдар намаз оқыса жасыратын еді...”, “Не отырыс мынау? Ұят!”, “Жақсылыққа шақырып отырып жирендіріп жатырсыз”, – деп сынға алды оны жұрт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары