19.01.2023, 12:40

«Киркоровқа да бардыңыздар ғой»: Абдуллин «сахнаға шортымен шықты» деп айыптағандарға жауап берді

Жапырақ байлап айтпағаныма шүкір десеңіздерші.

Кеше ғана саяхнаға шортымен шығып ән салған Нұрболат Абдуллин өзін сынағандарға жауап берді. 

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жапырақ байлап айтпағаныма шүкір десеңіздерші. Мына жақтың ыстығын айта алмаймын енді. Киркоровка да бардыңыздар ғой", - деп жауап берді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, әнші қазір отбасымен бірге Мальдив аралдарында демалып жүр. Ол сахнаға шортымен өнер көрсетуін аралдың ыстық ауа райымен байланыстырды.