Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде оқырмандарынан келген сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқырман: “Сәбилі болсаңыз қай елдің азаматтығын бересіз? Қазақстанның ба әлде Американың ба?” деген сұрақ қойды. Блогердің жауабына қарасақ Американың азаматтығына басымдық бергендей.
“Бала 18 жасқа толғанда оны өзі таңдайды. АҚШ азаматтығында өте көп берефиттер (артықшылық) бар. Ешқандай елге виза қажеті жоқ, әлемнің көптеген елдеріне визасыз бара алады. Әлемдегі ең мықты ел болғандықтан мүмкіндіктер көп. Грантта оқуы, жұмысқа тұруы жеңілдейді. Әсіресе, Канадада, Мексикада мемлекеттен қолдау ала алады. Жақындарына азаматтық алуына көмектесе алады. Баланың болашағын да ойлап қойдық”, –дейді Фариза.
Сондай-ақ, ол сәбиін қайда босанатынын жоспарлап қойған көрінеді.
“Майамиде босанғым келеді. Күн жылы, ауа райы қолайлы. Аллам нәсіп етсін”, – деп жазды блогер.
“АҚШ-тан үй немесе жер алып, болмаса өздеріңіздің үй тұрғызатын ойларыңыз жоқ па?” деген сауалға: “Бастапқыда үй алғымыз келді. Бірнешеуін қарады, бағаларын білдік. Бірақ, сол ақшаны кәсіпке салуды ұйғардық. Қомақты қаржыға жәй ғана үй сатып алғымыз келмеді. Біздің түсінігімізде, ақша айналымда болып, одан екі есе пайда әкелуі тиіс. Десе де, болашақта өз үйіміздің болғанын қалаймыз”, – деп жауап берді Фариза.