$ 446.49  475.38  4.79

«Хит болдым»: Жанар Айжанованың образы арабтарды таңдай қақтырды

Мойнын бұрып қарамаған адам қалмаған шығар.
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес өкілдерінің арасында орамал тағып, дінге бет бұрғандар қатары көбейді. Қазақылыққа жаны жақын әншілердің бірі Жанар Айжанова көпшіліктің ұлттық киімнің қадірін кетіріп жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. 

“Осы қазақтың жадағай шапаны мен кимешегін киіп алып, арабтарды таңғалдырдым” десем сенесіздер ме? Таңғалғаны былай тұрсын, “Сізбен суретке түсейік деп едік”, “Не деген әдемі киім” деп сол жақта хит болдым. Мойнын бұрып қарамаған адам қалмаған шығар. Айтайын дегенім, қазақ қашанда киімді талғаммен, Исламға да қайшы келмейтіндей қылып киген. Өзіміз қой қадірін кетіріп жүрген. Қолымдағы күміс білезік, сақиналар да назардан тыс қалмады. Бабаларымыз қандай дана болған десейші”, – деп жазды әнші.

Өнер иесі мұның былтыр Медине қаласында түскен естелік суреттер екенін айтты. 

Жанар Айжанованың бұл ойын қолдап жазғандардың қарасы көп.

“Не араб емес, не қазақ еместерге жақсы үлгі көрсеттіңіз, жарайсыз”, “Жанар апатай, ұлттық нақыштағы киімдерімізді сіздер киіп жүрсеңіздер”, Оригиналсыз”, “Хиджап кигенге құмар біздікілер әбден адасып бітті”, “Қап-қара болып киініп жүргендерді көргенде бойыңды қорқыныш, үрей билейді”, – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары