$ 442.05  474.14  4.74

«Осы жолы қатты сыналдым»: Айжұлдыз Адайбекова екінші рет Меккеге аттанды

Ақшам мен заттарым салынған чемоданымды жоғалттым.
©instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
©instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Музыкант, актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова Сауд Арабиясына сапарында қандай кедергілерге тап болғанын баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Жетуім қиын болды. Бірақ, ең бастысы, осындамын. Осы жолы қатты сыналдым. Такси жүргізушісі терминалды шатастырып, рейсті өткізіп алдым. Ақшам мен заттарым салынған чемоданымды жоғалттым. Ұшағымыз әрең жетті. Турбуленттік қатты болғандықтан, жақын маңдағы қалаға қонбақ болдық”, – деп жазды Айжұлдыз.

Ол Меккедегі екінші сапарына арнап жазба жариялады.

“Бүгін екінші күн, жалпы “2” деген сан жүрегіме қатты жақын. Тіпті бұл менің екінші мәрте келуім. Осы жолы жету өте қиын болды, бірақ бұл қиыншылық ішкі стимул мен характерімді өсірді. Әркім әрқалай сыналады, қабылдадым, көндім. Әр келген сайын екі дүниелік екенім есіме түседі. Сондықтан да бұл өмірдегі дамуымды енді одан әрі күшейтемін”, – деп ойымен бөлісті ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары