Қазақстандық актер, файтер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіге белгісіз арумен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Көп қыздардың жүрегін жаулаған жас актер оқырмандарын қызықтырып қойды.
“Плед жабатын адам бар, әйтеуір”, – деп суреттің астына жазба қалдырды ол.
Актердің бейтаныс арумен көрген оқырман қыздар Еркебұланды қызғанып қалған көрінеді. Кейбір желі қолданушылары бет-жүзін көрсетпей түскен белгісіз бойжеткенді Ерке Есмаханға теңеді.
“Сен де бір адамды қызғандырып”, “Көзіме шөп салдың ба?”, “Жасы үлкен қыз сияқты”, "Ерке Есмахан емес пе?”, “Қыздар, тараймыз”, “Жүрекке жара салдың”, “Қызғанп қалдым”, – деп жазды қыздардың басым көпшілігі.