30.01.2023, 12:40

«Махаббат хикаяммен бөлісемін»: Ерке Есмахан қыздарға арналған курс ашпақ

Фото: sxodim.com
Әсіресе, арулар қауымына айтарым бар сияқты.

Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан оқырмандарының авторлық курс ашуға ой салғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Тамақтанып отырып ой келді. Ол ойды миыма салған сіздер. Шынымен неге маған курс жасамасқа? Әсіресе, арулар қауымына айтарым бар сияқты. Және махаббат хикаяммен бөлісемін. Қалай ойлайсыздар?”, – деп жазды әнші.