Мәдениет & Шоубиз 31.01.2023 сағат 23:30

Тұңғышбай Жаманқұлов: 15 күндей жындыханада жаттым

Біз де ет пен сүйектен жаралған адамбыз.
Тұңғышбай Жаманқұлов: 15 күндей жындыханада жаттым
Фото: inform. kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов жындыханада өткен күндерін еске алды. Өнер иесі Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында күйзелістің соңында жүйке ауруын емдейтін бөлімге түскенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз де ет пен сүйектен жаралған адамбыз. Жасырғаным болса, "өзіңе де сол керек" дейтін едім. Ал жала жабылғанда "не жаздым" деп қапаландым. Қатты ауырдым, қиналдым, ауруханаға түстім. Дәрігерлер менің күйзелгенімді көріп, терапиядан жүйке ауруын емдейтін бөлімге ауыстырды.  15 күндей жындыханада жаттым.

Мені емделіп жатқан кезде де тергеді. Маған қысым көрсетіп, көп нәрсені мойындатпақ болды", – дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов өзінен 24 жас кіші жұбайы Дәрия Әбдімәлікқызының шәкірті болғанын және оған көзсіз ғашық болып үйленгенін айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар