$ 494.87  520.65  4.91

«Анам естігенде қатты жылады»: Әсел Асқар бала күнінде зорлыққа ұшырағанын айтты

Өзімді қатты кінәлаған кездерім де болды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Белгілі блогер Әсел Асқар журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, өз өміріндегі қиын кезеңдерге тоқталды. Жақында сәбиінен айырылған ана өзінің бала күнінде бірнеше рет зорлыққа ұшырағанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен бала күнімде мұны бастан өткердім. Зорлау да, басқасы да болды. Мұны ойламауға тырысамын. Бірақ кейін есіңе түскенде: "Шынымен менің басымнан өтті ме?" деп ойлайсың. Бұл жағдайдың бәрін анама 25-26 жасқа келгенде ғана айттым. Ол мұны естігенде қатты жылады. Өкінішке қарай, бұл жағдайды бала кезімде, 4-5 жасымда өткердім.

Әлі есімде, балабақшада ойнап жүрдік. Бақшаның қақпасы үлкен болатын, біз қақпаның қасында кішкентай ғана болып көрінетін едік. Сол кезде балабақша қақпасы айқара ашық тұрды да, бір ер адам мені өзіне шақырды. Мен жүгіріп бардым. Бәрі көз алдымда, бұталардың арасына кірдік. Мен мұны ешкімге айта алмадым. Кім сенеді маған ол кезде?

"Мұның бәрі неге менің басымда болды деп талай сөктім өзімді. Өзімді қатты кінәлаған кездерім де болды. Мүмкін, мен сондай жарқын қыз болған шығармын. Бала кезімде анама көйлек алғызбай, тек шалбар мен кроссовки киіп жүруга бел будым. Мен үшін бәрі қатты қорқынышты болды", - деді Әсел Асқар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әсел Асқар