$ 498.34  519.72  4.85

Гауһар Әлімбекова күйеуі жайлы: «Шыр айналып қалғандай, саған басым» деп жүрмін

Өнерден мақұрым емес, өнерді бағалайды.
фото: fergana.news
фото: fergana.news

Танымал әнші Гауһар Әлімбекова осыдан бірнеше жыл бұрын тұрмысқа шыққанын айтқан болатын. Әнші "1001 түн" бағдарламасында өнерін, өзін бағалай білетін азаматы жанында екенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бақыттан басымыз айналып, "шыр айналып қалғандай, саған басым" деп жүрмін ғой қазір. Алматы қаласының азаматы. Өнерден мақұрым емес, өнерді бағалайды. Өнерді емес, мені бағалайды. Бірақ басқа саланың адамы", - деді Гауһар Әлімбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Гауһар Әлімбекова осыдан бірнеше жыл бұрын істі болып, сот залынан кінәсі дәлелденбегендіктен ақталып шыққан болатын. Өнер иесі басына іс түскенде, жақын құрбыларын жанынан таппай қалғанын айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары