Мәдениет & Шоубиз 04.02.2023 сағат 23:30

«Алғашында қызық көрінді»: Айжан Байзақова ұлы мен жұбайының қарым-қатынасын сөз етті

Өзі күйеуіме барып "Сізді "әке" деп атасам болады ма?" деп сұрады.
«Алғашында қызық көрінді»: Айжан Байзақова ұлы мен жұбайының қарым-қатынасын сөз етті
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық блогер Айжан Байзақова әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді. Желідегілердің басты сұрағы блогердің жеке өміріне қатысты болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары Байзақованың ұлы Аланның жұбайын қалай атайтыны қызықтырған.

"Айтпақшы, соңғы аптадан бері "әке" деп атайтын болды. Біздің Алан өте ақылды. Өзі күйеуіме барып "Сізді "әке" деп атасам болады ма?" деп сұрады.

Ал күйеуім "Әрине, болады" деп жауап берді. Сонымен қатар ұлым "Менің көп атам мен апам бар. Менің енді екі әкем болады" деді. Қызық, иә?! Қазір осылай атап жүр. Мен үшін бұл алғашында қызық көрінді. Бірақ қазір үйреніп кеттім", - деп жауап берді блогер.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қазанында тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар