$ 448.89  477.93  4.76

«Адам жұмсау менің де қолымнан келеді»: Досымжан Таңатаров неліктен өзіне көмекшілер алмайтынын айтты

Танымал әнші өзінің қарапайым қалпынан ешқашан айнымайтынын, өмірде де, сахнада да бір образды ұстанатынын жеткізді.
Фото: instagram/dossymzhan_tanatarov
Фото: instagram/dossymzhan_tanatarov

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Досымжан Таңатаров "Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасында қонақ болып, қоғамдағы жағдайларға қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал әнші өзінің қарапайым қалпынан ешқашан айнымайтынын, өмірде де, сахнада да бір образды ұстанатынын жеткізді. "Мен о баста қалай көріндім, сол қалпымнан айнымауға тырысамын. Жалпы, менің сахнада жасанды образым жоқ. Өмірде қандаймын, сахнада сондаймын. Мен әнге билеп кете алмаймын. Егер көңілді ән болса, жылы жүз танытамын. Бірақ шектен тыс кете алмаймын. Кеткім келсе де, олай істей алмаймын. Ал сахна сыртында көпшілігі менің осы қалпымды қабылдайды. Әзілкештігіме, қалжыңыма іштерін ұстап, күлетіндер бер. "Сенің әзілің қайсы, шының қайсы?" деп сұрап та жатады", - дейді Таңатаров.

Сондай-ақ Досымжан мырза қарапайымдылықты алға тартып, көмекшілердің қызметіне де жүгінбейтінін айтты. "Instagram-да керемет болып көрінуге тырыспаймын. Қазір бәрі мобилографтар жалдап, керемет қылып әрлеп ұсынуға тырысады. Ол да менің қолымнан келеді. Дискімді ұстап, костюмім мен домбырамды ұстап жүретін адамдарды жұмсауды мен де білемін. Бірақ ол маған қаншалықты керек? Мен өмір-бақи бұлай жүрмеймін ғой... Одан бөлек, мені әуежайдан күтіп алатын адамдардың қолына да заттарымды бермеуге тырысамын. Сөмкем қатты ауыр болса, бөлісетін шығармын. Алайда қолына беріп қоймаймын. Мейілінше өзім ұстауға тырысамын", - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары