Мәдениет & Шоубиз 05.02.2023 сағат 23:30

Мақпал Жүнісова танымал журналистің анасына бриллиант жүзігін шешіп берді

Өзім Алтынбек ағамның тойына барған едім. Сол жерден осында қашып келдім.
Мақпал Жүнісова танымал журналистің анасына бриллиант жүзігін шешіп берді
Фото: KAZ.NUR.KZ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мақпал Жүнісова танымал тележүргізуші Мақсат Толықбайдың анасына өзінің бағалы сыйлығын табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші журналистің өтінішімен тойға қатысқан. "Маған Мақсат хабарласып: "Анамның туған күні еді, келіп, ән салып берсеңіз", - деп өтінішін айтты... Өзім Алтынбек ағамның тойына барған едім. Сол жерден осында қашып келдім. Мақсатты сыйлағандықтан. Бірақ мен не сыйлаймын? "Үйден шығып кетіп едім", - дедім бірден. Сөйтсем: "Сыйлығыңыз әніңіз ғой", - дейді. Содан әрі ойланып, бері ойланып, Мақсаттай мықты журналисті өсіріп, баққан Алмагүл құрдасыма қолымдағы бриллиант сақинамның бірін сыйлыққа берейін деп шештім. Ал қолыңызды әкеліңіз",- деген Мақпал Жүнісова тойхана төрінде журналистің анасына жүзігін шешіп берді.

Тойдағы халық әншінің жомарттығына тағы да таңдана қарады. Ал тележурналистің анасы әншіге алғысын жаудырған.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар