$ 494.87  520.65  4.91

«Қайрат кеткелі күш-қуатым азайды»: Ләйлә Сұлтанқызы сырын ақтарды (ВИДЕО)

Әр нәрсені бір ойлап, ұлдарды уайымдап жүріп, күннің жартысына келгенде энергиям таусылып қалып жүр.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі өмірден өткеннен кейінгі жағдайын баяндады. Тележүргізушіні құрбылары бірнеше күнге Анталияға демалуға шақырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Сұлтанқызы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Өзімді ұстап, мықты болып көрінгеніммен кейде іштей беріле салғым келетін сәттер жиі болады. Қайрекең кеткелі күш-қуатым да азайған сияқты. Әр нәрсені бір ойлап, ұлдарды уайымдап жүріп, күннің жартысына келгенде энергиям таусылып қалып жүр. "Саған миыңды тынықтырып алу керек" деп, мені Анталияға 2-3 күнге демалысқа шақыртып алды. Қазір бар жақсыны алдыма тосып, жағдайымды жасауда", - деді Сұлтанқызы.

Сонымен қатар тележүргізуші телефонсыз, тыныштықта өтіп жатқан терапия жайлы да айта кетті. "Екінші күн. Бүгінгі терапия таза ауада, тыныштықта, телефонсыз өтеді. Түрлі тапсырмалар орындаймыз", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев өткен жылдың қарашасында өмірден өткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары