$ 498.34  519.72  4.85

«Қандай ана болғанымды еске түсірсем, қуыстанамын»: Меруерт Түсіпбаева өз өкінішін бөлісті

Жанталасып, күйбең тірлікпен өмір қалай өткенін аңғармаппын.
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаева көпшілікке өз өкінішін бөлісті. Өнер иесі өзінің қандай ана болғанын еске түсірсе, қуыстанатынын Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір балам есейіп, басқа мемлекетте өмір сүріп жатқанда, қандай ана болғанымды еске түсірсем, қуыстанамын. Балам мен келгенде қуанып, алдымнан атып шыққанда "Қаш, асығыспын" дегенім ғана есімде.

Жанталасып, күйбең тірлікпен өмір қалай өткенін аңғармаппын. Кешір мені балам. Өмірдің түбі өкініш. Серт беремін, мен жақсы әже боламын, балам", - деді Меруерт Түсіпбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары