07.02.2023, 05:01

«Алданып қалдым»: Әнші Шахизада үшінші күйеуімен үш-ақ ай тұрып ажырасып кетті

Фото: caravan.kz
Әйел болған соң, бір кезеңдерде жалғыздықты сезінесің.

Әнші Шахизада үшінші рет ажырасқанын жасырмады. Шахизада ханым барлық кінәні өзіне алды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

Үшінші некесі де сәтсіз болған әнші үш ай ғана бірге тұрып, кетіп қалған. 

- Үшінші күйеуге қалай алданып қалғанымды білмеймін. Алданып қалдым, ашығын айта салайын. Әйел болған соң, бір кезеңдерде жалғыздықты сезінесің. Алла Тағала сынады ма, бір ауыртпашылық кезең болды. Ешкімге керек емес сияқты болып, жалғыз қалғандай болдым. Өмірі шаршамайтын едім, бір шаршаулар болды. Сөйтіп жүрген кезде, үшінші жігітке ұсталып, алданып қалдым. Стамбулда 3 ай бірге тұрып көрдім. Көрдім да, ойбу, мынау болмайды екен деп кетіп қалдым. Тұрмыс құрғанды да, ажырасқанды да өзімді кінәлаймын. Өйткені, бәріне өзім кінәлімін, дейді әнші бар шындығын жасырмай. 

"Сізге әрқашан сәттілік серік болсын! Керемет жансыз!Әдемі боп жүре беріңіз!", "Керемет бәрі,Шахизада бақытты бол,бақытыңа тағыда бақыт қосылсын,өте сүйіп тыңдайтын әншім", "Ойында еш арамдық жоқ, ақкөңіл жан екені сөзінен де түрінен де көрініп тұр. Бақытты болсын Шахизада ханым", деп қолдап жазды оқырман тарап.