14.02.2023, 03:30

«Бір шешімге келген сияқтымын»: Төреғалидің қарындасы оқырмандарын қызықтырып қойды

©instagram.com/tattti_kyz
Үлкен бір нәрсе жұдырықтай, кішкентай нәзік жүрегіме сыймай тұр.

Төреғалидің кенже қарындасы Дина Төреәлі көпшілікпен маңызды жаңалығымен бөліспек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқырмандарын қызықтырып қойған ол мұны уақытша құпияда ұстауды жөн көрді.  “Біз көз ілмедім, ұзақ ойландым. Бір шешімге келген сияқтымын. Сіздермен бөлісетін 4-5 жаңалығым дайын тұр еді. Енді айта алмайтыным өкінішті-ақ. Үлкен бір нәрсе жұдырықтай, кішкентай нәзік жүрегіме сыймай тұр”, – деп жазды Дина.

Сондай-ақ ол қандай жаңалық болмасын, оқырмандарына алдымен өзі айтатынын ескертті.