22.02.2023, 12:00

«Сүйіспеген адамы қалмады»: Тұрсынғали Алагөзов продюсер әйелін қызғанатынын айтты

©instagram.com/bayanmaxatkyzy
Жас жігітпен де, фильмдегі басты кейіпкер, танымал актермен де сүйісті.

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсынғали Алагөзов сүйіктісін қатты қызғанатынын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Бейбіт Әлібековтің сұхбатына сілтеме жасап.

“Баян Мақсатқызымен бірге көп уақыт өткіземіз. Кейде таңғы сағат беске дейін әңгімен-дүкен құрамыз, көп дүниені талқылаймыз. Әйелімді қатты қызғанамын. Егер еркек әйелін қызғанбаса, демек ол оны сүймейді. Соңғы уақытта көп киноға түсті. Түсірілімде сүйіспеген адамы қалмады. Жас жігітпен де, фильмдегі басты кейіпкер, танымал актермен де сүйісті. Бірақ ол жұмыс барысы болғандықтан түсіністікпен қараймын”, – дейді кәсіпкер.

“Әйеліңізбен үйлесімді қарым-қатынастың сыры неде?” деген сұраққа Тұрсынғали: “Ең бастысы сыйластық, сенім, мейірім және екеуі бір-біріне кешірімді болу керек. Бірақ оның нақты формуласы жоқ”, – деді ол.