Қайрат Нұртастың інісі Заңғар келіншегі Жібекпен заңды түрде ажырасқанын мәлім еткен болатын. Taboo бағдарламасына сұхбат берген Заңғар Нұртас тоқал алуға қатысты ойын да жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің ойымша, үйдің берекесі болмайды. Бірінші бір әйелді қатырып алу керек қой. Балаларың не ойлайды екен? "Ана анама кетті, мына анама кетті" деген дұрыс емес. Тоқал алу шариғатта бар ғой. Жағдайы жоқ аналар болса, көмектесіп, қолдау көрсетуге болады. Бірақ заңды түрде үйленіп, екеуін әдемі қылып ұстап жүре алмайсың. Екеуі де бақытты болмайды. Бақытты болмағасын, береке де болмайды", - деді Заңғар Нұртас.