Таиландта жол-көлік апатынан қайтыс болған отандық әнші Дархан Жүнісбековтің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «õzen» музыкалық лейблінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Оның барлық әндерін пайдалану құқығы ұлы Ади мен қызы Айданаға беріледі. Стримингіден түсетін 100% қаражат оның отбасына аударылады. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін көп жұмыс атқарылады. Оның музыкасы мәңгі сақталсын», - делінген «õzen» лейблінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.
Сонымен бірге, желіде қазақстандық жас әншілер Дархан Жүнісбековтің артында қалған екі баласы мен отбасына қолдау көрсету үшін көмек жинау басталғанын хабарлап жатыр.