02.03.2023, 13:00

Айжұлдыз Адайбекова: «Ана екенімді сезіне алмай жүрмін»

instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Сондай-ақ ол алғашында жүктілігін, ұлын көпшілікке көрсетпеуінің себебін түсіндірді.

Жас ана Айжұлдыз Адайбекова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында ұлы Назар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Назар өсіп келе жатыр. Бұйырса бірнеше айдан соң екі жасқа толады. Екі жыл өтсе де, мен өзімнің ана екенімді толықтай сезіне алмай жүрмін. Мен үшін мамам (Жанар Айжанова) Назардың анасы сияқты. Себебі анам мені қалай махаббатына бөлесе, Назарға деген махаббаты одан артық болмаса кем емес. Мендегі аналық махаббат бірте-бірте өсуде және бұл мен үшін қалыпты. Бәріне уақыт керек”, – дейді Айжұлдыз

Сондай-ақ ол алғашында жүктілігін, ұлын көпшілікке көрсетпеуінің себебін түсіндірді.

“Балам дүниеге келген кезде менде қызғаныш сезімі болды. Кез келген адамға қызғандым. Тіпті бір жыл бойы баламның жүзін желіге салмадым. Мен ол үшін еш өкінбеймін. Жаңа босанған әйелде мұндай сезімнің болуы – табиғи құбылыс. Босанғаннан кейін бір жыл әйелдің қылығын, сөзін, еркелігін көтере білу керек. Себебі, анамнан адам шығу – оңай емес”, – деді ол.