$ 443.44  480.51  4.88

Мексикада Димашқа арналған бағдарлама жарық көрді

Енді «Димаш әлемі» бағдарламасы ай сайын таратылып, ол 2 сағатқа созылады.
Фото: / Instagram / @kudaibergenov.dimash
Фото: / Instagram / @kudaibergenov.dimash

1 наурызда «Алғыс айту» күні мерекесіне орай Мексиканың «Andromeda radio» радиостанциясында жерлесіміз, әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге арналған бағдарлама эфирге шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Димаштың әндері Мексика радиосында алғаш рет 7 ақпанда айтылды. Бұл әртістің «Mafia Dear» халықаралық фан-клубының арқасында мүмкін болды.

Эфир тыңдаушылардың қызығушылығын танытып, осыдан кейін «Andromeda Radio» жүргізушілері қазақстандық орындаушыға арналған жаңа бағдарлама шығару туралы шешім қабылдады. Көп ұзамай бағдарлама «Universo Dimash» («Димаш әлемі») атауын алды.

Жаңа музыкалық бағдарлама Димаштың шығармашылығына ғана емес, Қазақстанның мәдениетіне де арналған. «Andromeda Radio» өзінің 14 жылға жуық тарихында алғаш рет бір ғана әртіске бағдарлама арнап отыр.

Енді «Димаш әлемі» бағдарламасы ай сайын таратылып, ол 2 сағатқа созылады. Бағдарламаның бірінші шығарылымында отандасымыздың Zhalyn, Screaming, Ikanaide, Durdaraz, Stranger, Daididau, Omir Oter, Samaltau, Mademoiselle Hyde тағы сол сияқты әндері шырқалды. Бағдарламаның жүргізушісі аргентиналық Алехандра Джоджия.

Andromeda Radio – бүкіл әлемге таратылатын онлайн-радиостанция. Радиода АҚШ пен Еуропа елдерінен 60-тан астам диктор хабар таратады. Мақсат – әлемдік өнер мен мәдениетті насихаттау.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары