$ 494.87  520.65  4.91

«Елге оралу ойда бар». Айнұр Тұрсынбаева алдағы жоспарымен бөлісті

Өз еліңнің төрінде отырғанға не жетсін?!
Фото: ©instagram.com/aidyn_nury
Фото: ©instagram.com/aidyn_nury

Белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында Ыстамбұлдағы үйінде Түркия қазақтары жиі қонақ болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтыскер Айнұр Тұрсынбаева Түркиядағы үйінің ауласын, демалатын орнын көресетті. 

“Сенбі, жексенбі күндері бұл жерге Ыстамбұлдағы қазақтардың барлығы жиналады. Бассейнге түседі, кәуап пісіріп, демалады. Сол себепті көп адамға арнап алдық. Мен кезінде жоқшылықты көп көрдім. Осындай мейірімге қатты мұқтаж болдым. Астанаға алғаш барған кезде салқындықтан шаршаған кездерім болды. Елордада тұрғанда желіден Астанаға келе жатқан адамды көре қалсам, үйге шақыратынмын. Үйде қонақ болмаса, мазамыз қашып, ұрыс болып кетеді". 

Ақын Отанға оралуды ойға алған.
“Арқа жайлы болса егер арқар ауып несі бар” дейді ғой. Түркияда жүруіміздің өз себебі бар. “Қаңғып кетті, жетіскеннен барды” деп айтатындар көп. Жағдай солай болды. Бұйырса, етек-жеңімізді жинап елге қайтқалы жатырмыз. Өз еліңнің төрінде отырғанға не жетсін?!” – деді ол алдағы жоспарларымен бөлісіп.

Сондай-ақ ақын неліктен Стамбул қаласын таңдағанын түсіндірді.
“Біріншіден, Стамбул жақын болды, тұруға да қолайлы. Екіншіден, маған қай жақта тұрсам да, қазақ ортасы керек болды. Ал бұл жерде қазақтар көп шоғырланған. Әрі менің жолдасыма Ыстамбұл қолайлы болды. Бұл үйді жалға алып отырғаным жоқ, сатып алдым”, – деген Айнұр Тұрсынбаева баспанасының бағасын айтудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары