5 наурызда Жетісу облысы Қызылжар аулылында күннің күрт жылынуына байланысты бірнеше ауланы еріген қар суы алып кетті, деп хабарлайды облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, өңірде күн +15 С°-қа дейін жылынып, салдарынан қар қарқынды түрде ери бастаған.
"Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында ауылдың шығыс жағында орналасқан егістік алқаптарынан еріген қар суы аққан. Еріген су арыққа симай, арнасынан асып, Шыныбек көшесіне жайылып, сол аумақты тағы төрт ауланы су басқан", - делінген ТЖД хабарламасында.
Бұл жайттан ешкім зардап шекпеген және тұрғын үйлерді су алмаған. "Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су деңгейі төмендеді. Еріген су Байғазы өзеніне құйылып жатыр", - дейді ТЖД өкілдері.
Сондай-ақ ТЖД өкілдері қазіргі таңда ауылда арық жүйесін тереңдету және тазалау, инертті материалдары бар қаптарды дайындау, егістік алқаптарындағы қар суын ағызу үшін арнайы канал қазу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оқиға орнында ондаған адам мен 11 техника жұмыс істеп жатыр.