Америкалық файтер Джефф Нил (15-7) Шавкат Рахмоновтан (17-0) жеңілгеннен кейін әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жекпе-жек Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде болды. Рахмонов қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.
«Бауырым, мен өз жұмысымды сүйемін! Сендерге ұнағанына қуаныштымын! Мен ораламын», – деп жазды Нил Twitter желісінде.
Айта кетейік, бұл айқас UFC 285 турниріндегі ең мықты жекпе-жек ретінде танылды.