$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысындағы жол апаты: тағы бір оқушы көз жұмды

4-наурызда Шалқар ауданында көлік аударылып, бір жасөспірім оқиға орнында қаза болған еді. Көлікті кәмелеттік жасқа толмаған оқушы басқарған.
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оқушы қыз кешкілік сағат 18-30-да көз жұмған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін оқушы қыздың бас сүйегі сынып, комада жатқанын жазғанбыз. 4-наурызда Шалқар ауданында көлік аударылып, бір жасөспірім оқиға орнында қаза болды. Көлікті кәмелеттік жасқа толмаған оқушы басқарған.

Көлікте болған 15 жастағы екі ер бала жамбас, жіліншік сүйектері сынып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тағы бір оқушы амбулаториялық ем алған. Барлығы - Шалқар қаласындағы нөмері 8 мектептің оқушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары